Жаңалықтар 12.12.2025 49

«Жас мамандардың жұмыспен өтеу міндеті» тақырыбындағы ақпараттық сессия

«Жас мамандардың жұмыспен өтеу міндеті» тақырыбындағы ақпараттық сессия

Шәкәрім университетінде мемлекеттік білім беру грантын иеленген бітіруші курс білім алушыларына «Жас мамандардың жұмыспен өтеу міндеті» тақырыбында "Қаржы орталығы" АҚ-ның мониторинг департаменті директорының орынбасары Ақзира Серікқалимен онлайн ақпараттық сессия өтті.

Іс-шараның мақсаты – грант иегерлері үшін заңнамалық талаптарды түсіндіру, жұмыспен өтеу тәртібі бойынша өзекті сұрақтарға жауап беру және мамандарды еңбек нарығына дайындау.

Ақпараттық сессия барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен грантты өтеу қағидаларына сәйкес, бітірушілердің үш жылдық міндетті жұмыспен өтеуі жөнінде жан- жақты ақпарат ұсынылды. Әсіресе, ауылдық елді мекендерде кадр тапшылығын толықтыру, әлеуметтік сала мамандарын қолдау және еңбек мобильдігін арттыру тетіктеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, жас мамандардың мемлекеттік грантты өтеу міндетінен қандай жағдайларда босатылуы мүмкін екені түсіндірілді.

Ақпараттық сессияға университеттің білім алушылары, магистранттар және докторанттар, мансап және практика бөлімінің жетекшісі Ақсәуле Тлеубаева және бөлім мамандары қатысты. Іс-шара барысында білім алушылардың:

- жұмысқа орналасу механизмдері;

- бос жұмыс орындары;

- өңірлердегі сұранысқа ие мамандықтар;

-өтеу мерзімін кейінге қалдыру немесе босату шарттары

сияқты сұрақтарына жауап берілді.

Іс-шара интерактивті форматта өтіп, бітірушілер өздерін қызықтырған мәселелерді тікелей мамандармен талқылауға мүмкіндік алды.

Ақпараттық сессия соңында қатысушыларға жұмыспен өтеуге қатысты әдістемелік нұсқаулықтар мен байланыс орталығының деректері ұсынылды.

Онлайн кездесу жас мамандардың кәсіби жолға сенімді қадам басуына қолдау көрсетуді және гранттық білім беру жүйесінің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді көздейді.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру