Жаңалықтар 10.12.2025 24

«Асыл Мирас» орталығына сапар: тәжірибе, серіктестік және жаңа мүмкіндіктер

«Асыл Мирас» орталығына сапар: тәжірибе, серіктестік және жаңа мүмкіндіктер

Абай облысы білім басқармасының «АСЫЛ МИРАС» аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы өзінің құрылғанына 2 жыл толуын атап өтті.

Осыған орай Шәкәрім университетінің делегациясы орталыққа барып, инклюзивті білім беру саласындағы әріптестік байланыстарды нығайту бағытында маңызды кездесу өткізді.

Іс-шараға Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков, жоғары мектеп декандары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен университет студенттері қатысты.

Делегация мүшелеріне орталық қызметімен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды. Білім алушылар үшін арнайы психологиялық тренинг өткізіліп, орталық мамандарымен кәсіби пікір алмасу жүргізілді.

Университет ректоры Думан Орынбеков құттықтау сөзінде АСБ бар балалар санының артуына байланысты инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамыту қажеттілігін атап өтіп, орталыққа сыйлықтар табыстады.

Кездесу нәтижесінде студенттердің оқу-өндірістік практикасын орталық базасында ұйымдастыру, арнайы педагогика бойынша жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеу және бірлескен оқу модульдерін қалыптастыру жөнінде келісімдерге қол жеткізді.

Шәкәрім университеті аутизм саласындағы ғылыми-зерттеу бағыттарын кеңейтіп, инклюзивті білім беруді дамыту бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендігін білдірді.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру