Магистратура – болашақтың сәулетшілері үшін
4 мамырда Shakarim University-дің бас ғимаратының акт залында ректор Думан Орынбековтің магистратураға үміткерлермен кездесуі өтті. Бұл кездесу Innovate Shakarim University халықаралық форумының ғылым, инновация, көшбасшылық және өңірлік миссияны біріктірген маңызды оқиғаларының бірі болды.
Кездесуге 300-ден астам жас жиналды, олардың қатарында университет түлектері мен...
Шәкәрім университетінде 5 мамырда өтетін жылқы шаруашылығының І Халықаралық конгресінің аясында кеше Абай облысының Бесқарағай ауданындағы маңызды шаруашылықтарға ғылыми-өндірістік сапар ұйымдастырылды. Бұл өңір — қазақ және мұғалжар жылқы тұқымдарының ерекше түрлері қалыптасқан республикалық маңыздағы тұқым орталығы саналады. Униветситеттің ғылым жөніндегі проректоры Жанар Қалибекқызы бастап барған ғалымдарды аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев пен Ерназар...
Құрметті әріптестер, студенттер, достар!
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл – Қазақстан атты ортақ үйімізге жан-тәнімен берілген, ортақ тағдыр мен ертеңгі күнге деген сенім біріктіретінеліміздің әрбір азаматының мерекесі. Бұл – еліміздегі барлық ұлт пен диаспоралар арасындағы ынтымақ пен бірлікті, келісім мен достықты дәріптейтін ең салтанаттыкүн.
...
«Алакөлдің табиғи, тарихи-мәдени ландшафтық әлеуетін кешенді талдау және рекреациялық туризмді дамытудың тиімді тетіктерін әзірлеу» бағдарламасы аясындағы далалық зерттеу сапарының алғашқы кезеңі аяқталды. Жоба аясында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Алакөл өңірінің туристік әлеуетіне қатысты құнды деректер жинақталды.
Зерттеу барысында ғалымдар Мақаншы ауданында Алакөл алабының табиғи, тарихи, мәдени және туристік әлеуеті...
«Театр – адамның өзін-өзі сахнадан
көріп, өзін-өзі түсінетін орын»
Шәкен Айманов
Shakarim University бастамасымен, ұлы Абайдың 180 жылдығы мен университет қабырғасында алғашқы студенттік театрдың құрылғанына 65 жыл толуына орай, елдің жетекші жоғары оқу орындарының театрларын біріктірген "Адамдық борышың" II республикалық студенттік театрлар фестивалі өтті.
Фестиваль «Қағанат» театрының (Абай атындағы...
Еліміздің батысындағы ботаникалық бақтан әкелінген сирек ағаштар енді Абай облысының орталығында өсіріледі.
Бүгін Шәкәрім университеті мен ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Маңғышлақ тәжірибелік ботаникалық бағы» мекемесі ғылыми-техникалық әріптестік жөніндегі келісімге қол қойды.
Университет аумағын студенттер мен қала тұрғындары үшін тартымды демалыс орнына айналдыруды...
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің "2025 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша орындар санын бекіту туралы" 26.03.2025 жылғы №133 бұйрығына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлыққа конкурстық іріктеу бойынша құжат қабылдау 2025 жылғы 20...
Шәкәрім университетінің «Қарагөз» студенттік жастар театры көрермендеріне «Тағдырымның есімі...» атты жаңа қойылымын ұсынды.
Америкалық жазушы Айн Рэндтің «Менің сатып алған күйеуім» әңгімесінің желісімен жазылып, сахналанған қойылым үш адамның арасындағы махаббат хикаясын терең әрі әсерлі түрде жеткізді. Ерінің бақытты болуы үшін өз махаббатын құрбандыққа шалған Иренэ, сырбаз да сымбатты...
Бизнес жоғары мектебі Жеңістің 80 жылдығына орай «Батырлар туралы естелік» атты ерекше іс-шара ұйымдастырды. Мақсаты — Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен батырларды еске алу, олардың тарихын жастарға жеткізу және патриоттық сезімді нығайту.
Іс-шараның ашылуында Бизнес жоғары мектебінің деканы Айгүл Зейнуллина жиынның маңызына тоқталып, оның жастардың Отанға деген...
Биыл Жеңіс туы желбірегеніне 80 жыл. 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында бүкіл Қазақстан халқы бейбіт өмір үшін миллиондаған тағдырдың құрбан болып, қаншама шаңырақтың шырағы сөнгенін, қаншама арман мен үміттің ұрыс даласында жер бауырлап қалғанын қабырғасы қайыса тұрып еске алады.
Қазір сол қаһарлы жылдардың куәгерлері сиреп бара жатқан шақта соғыстан бұрын құрылып, бейбіт күннің шуағына...