Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 ақпан 2025кітапхана

COFFEE TIME IN LIBRARY

Shakarim University ректоры Думан Орынбеков кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Coffee time in Library» (Кітапханадағы кофе ішу сәті) іс-шарасына қатысты. 

 

 

Басқосу барысында университеттің кітапхана қызметкерлері ректорды кітапхана қорымен, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

 

 

Іс-шарада ректор кітапхананың маңыздылығын атап өтіп, оның білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрам үшін қолжетімді әрі жайлы ортаға айналуы керектігін білдірді. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлерінің жұмыстарының сапасы мен студенттерге ұсынылатын қосымша мүмкіндіктерді арттыру қажеттігін,  кітапхана жұмысына жаңаша көзқараспен қарап, әрдайым өзгеріске дайын болу керектігін баса айтты.

 

 

Кітапхана қорын кеңейту, сандық ресурстарды дамыту, сондай-ақ, оқу процесін қолдау үшін кітапхана аймағын заманауи технологиялармен жабдықтау, студенттер мен оқытушыларға ыңғайлы жағдайлар жасау туралы пікірлер де айтылды.

 

 

«Coffee time in Library» іс-шарасы кітапханаға деген қызығушылықты арттыру, студенттер мен оқытушылар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау мақсатында өткізілді.