Жаңалықтар 18.11.2025 22

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КВИЗ ОЙЫНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КВИЗ ОЙЫНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Халықаралық студенттер күніне орай Семей қаласының Жастар ресурстық орталығы «Student Week – 2025» атты ауқымды іс-шаралар апталығын ұйымдастырды. Апталық аясында түрлі спорттық жарыстар, интеллектуалдық сайыстар және киберспорттық турнирлер өткізіліп, қала студенттеріне өз қабілеттерін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік берілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің бастамалары мен белсенділігін қолдау, шығармашылық дағдыларын дамытуға жағдай жасау, жастар арасында салауатты өмір салтын және интеллектуалдық мәдениетті насихаттау болды.

Апталықтың ең тартысты бөліктерінің бірі – студенттік интеллектуалды квиз ойыны болды. Бұл сайыста командалар өз білімін, логикалық ойлау қабілетін, зейін мен жылдамдықты қажет ететін тапсырмалар арқылы сынға салды. Жеті кезеңнен тұрған бәсекелі ойын барысында қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беріп, шапшаңдық пен стратегияны қатар ұштастыра білді.

Ойын нәтижесінде «Шәкәрім» университетінің құрамасы үздік өнер көрсетіп, барлық кезеңдер бойынша жоғары ұпай жинады. Команданың ұйымшылдығы, өзара түсіністігі және интеллектуалдық дайындығы арқасында олар қарсыластарынан озып, байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.

Бұл жеңіс – университет студенттерінің белсенділігін, білімге деген құштарлығын және командалық рухының жоғары екенін дәлелдейді. Шәкәрім университетінің жастары алдағы уақытта да осындай сайыстарда өздерінің жоғары деңгейін көрсетіп, жаңа жетістіктерге жететініне сенім мол.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру