Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі11 тамыз 2022поздравление, құттықтау

Қымбатты түлектер!

Құрметті Шәкәрім шаңырағының босағасын аттағалы тұрған болашақ студенттер! Сендерді киелі шаңыраққа оқуға түсулеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Тоқсан жылға жуық тарихы бар қасиетті оқу ордасын таңдаған сендерге және ата-аналарыңа рахмет айтамыз!
Әлемдік биіктерді бағындырған талай жан ғылымдағы, мәдениет пен спорттағы алғашқы қадамдарын дәл қазіргі сен сияқты осы ордадан бастаған.
Бүгінде ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген білікті маман мен Хәкім Абай арман еткен кемел тұлғаны қалыптастыру - біздің басты миссиямыз. Осы миссия жолындағы үлкен мақсат пен сол үшін еңбек етіп жатқан ұжымның ғылыми әлеуеті сенің сапалы білім іздеу жолындағы «Шәкәрім университеті» деген таңдауыңның дұрыстығына кепіл бола алады.
Алда қиындығы мен қызығы қатар жүретін студенттік шақ сендерді күтіп тұр. Мемлекеттің берген грантын ақтап, болашақта білікті маман болуларыңа тілектеспін. Олай болса Шәкәрім шыңын бірге бағындырайық!!!