press office of Shakarim University25 april 2025сынақ

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің "2025 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша орындар санын бекіту туралы" 26.03.2025 жылғы №133 бұйрығына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлыққа конкурстық іріктеу бойынша құжат қабылдау 2025 жылғы 20 сәуірде аяқталды. 
Байқау екі кезеңде өтті. 

 IELTS/TOEFL халықаралық сертификатын ұсынбаған білім алушылар үшін 24 сәуірде ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын ішкі тілдік емтихан өткізілсе, 25 сәуірде үміткерлер ауызша емтихан тапсырды. 
Үміткерлер білімі тәуелсіз комиссияның отырысында бағаланатын болады.