press office of Shakarim University15 april 2025елші

ХОРВАТИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ - SHAKARIM UNIVERSITY-ДЕ

Абай облысына сапары барысында Хорватияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рефик Шабанович Shakarim University-де болып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.

 

 

Университеттегі Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған музейден бастау алған  жүздесуге Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, интернационалдандыру және инновациялар жөніндегі проректор Ерасыл Дулатбай, Ғылым жөніндегі проректор Жанар Қалибекқызы, Стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Асқар Қасымов, аппарат басшысы Максат Кәрібаевтар қатысты.

 

 

Жанар Қалибекқызы университеттің тарихымен, қазіргі дамуы және халықаралық деңгейде білім беру сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар, ол екі жақты жобаларды жүзеге асыру, ғалымдардың тәжірибе алмасуы  және студенттердің ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндіктері туралы айтты.

 

 

Келелі кеңес барысында тараптар екі ел арасындағы жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың түрлі аспектілері бойынша пікір алмасты.

«Бұл менің Семейге алғашқы сапарым. Бүгін жолым түскеніне өте қуаныштымын.   Хорватияда   біршама университеттер бар, солардың ішінде  4 университет әлемдік рейтингке кіретін оқу орындары. Бізде ауыл шаруашылығы саласы, медицина және ІТ бағыты жақсы дамып жатыр.  Соңғы алты жыл көлемінде қазақстандық студенттердің шәкіртақы алуы жолында біршама жұмыстар атқардым.  Мен елші ретінде біздің оқу орындарымыздың ынтымақтастығын дамытқым келеді»- деген Рефик Шабанович Хорватия мен Қазақстан арасындағы білім және ғылым саласындағы қарым-қатынастарды нығайтуға ерекше назар аударатынын атап өтті.

 

 

  Ол сондай-ақ, студенттер мен оқытушылар арасындағы тәжірибе алмасудың маңыздылығын айтып, Шәкәрім университетімен болашақта тығыз ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін білдірді.

 

 

Осылайша, екі ел арасындағы білім беру саласында  ынтымақтастық орнатудың алғашқы қадамы жасалды.