Ғылым 21.11.2025 24

Ғылым – білім – тәжірибе

Ғылым – білім – тәжірибе

«Ғылым-білім-тәжірибе» үштігі білім сапасын арттыруға, ғылыми нәтижелердің тәжірибелік маңызын күшейтуге және еңбек нарығы сұраныстарына жауап беретін кадрлар даярлауға мүмкіндік береді.

Осы орайда, Шәкәрім университеті халықаралық әріптестік шеңберінде білім алушылардың ғылыми әлеуетін нығайтуға бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асырып келеді. 2025 жылдың 3 қарашасы мен 16 желтоқсан аралығында бірқатар докторанттар Қырғызстан, Финляндия және Польша жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтуде.

«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Базанова Арай – Қырғыз-түрік «Манас» университетінің  (Бішкек, Қырғызстан) оқу-ғылыми зертханалары базасында экологиялық мониторинг, радиоэкология және су мен топырақ сапасын талдау, олардың құрамындағы ауыр металдарды анықтау бойынша;

«Химия»   білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты Қажыгелдиева Лаура –  Адам Мицкевич Университеті (Познань қ., Польша) зертханаларында өсімдіктердің антиоксиданттық және биологиялық белсенділік көрсеткіштерін анықтау, косметикалық үлгілердің теріге әсер ету тиімділігін in vivo тестілеу арқылы бағалау бойынша;

«Техникалық физика»  білім беру бағдарламасы 3 курс докторанттары Найманқұмарұлы Ерасыл, Мәуліт  Алмасбек – Тампере Университетінде (Тампере қ., Финляндия) сәулеленуге дейін және одан кейін вольфрамның механикалық-трибологиялық (қаттылық, серпімділік, тозу қарқындылығы) қасиеттерін зерттеу, қысқа уақыт аралығындағы электролит ағыны мен металл электрод арасындағы электр разрядының электрлік және оптикалық сипаттамаларын анықтау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Ғылыми тағылымдаманың мақсаты – докторанттардың ғылыми-зерттеу бағыттарын жетілдіру, шетелдік жоғары оқу орындарында жүргізілетін ғылыми мектептер мен зерттеу әдістерін меңгеру, ғылыми жобаларға қатысу арқылы кәсіби құзыреттіліктерін кеңейту және халықаралық ғылыми интеграцияны нығайту болып табылады.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру