Жаңалықтар 21.11.2025 51

Шәкәрім университеті мен Murdoch University: халықаралық ғылыми серіктестіктің жаңа кезеңі

Шәкәрім университеті мен Murdoch University: халықаралық ғылыми серіктестіктің жаңа кезеңі

Шәкәрім университеті Австралияның Murdoch Universitу-мен халықаралық серіктестік орнатады. Болашақ орталығында өткен екіжақты кездесу барысында тараптар тағам қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринария салаларында бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Шәкәрім университетінің ғалымдарын тағылымдамаға жіберу жолдары қарастырылып, оларды академиялық тәжірибеден өткізуге бағытталған жоспарлар ұсынылды. Сонымен қатар, Murdoch University қазақ ғалымдары үшін арнайы шәкіртақы бөлуге дайын екенін білдірді. Бұл бастама ғылыми әлеуетті арттырып, халықаралық кадрлар даярлауға мүмкіндік береді.

Ынтымақтастық нәтижесінде екі университет бірлескен жобалар, академиялық ұтқырлық бағдарламалары және ғылыми стартаптарды қолдауға бағытталған бастамаларды дамытуды көздеп отыр.

Шәкәрім университеті халықаралық серіктестермен байланысын кеңейту арқылы аймақтың білім және ғылым саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етеді.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру