News 23.10.2025 31

Директорлар кеңесі мүшелері – Шәкәрім университетінде

Директорлар кеңесі мүшелері  – Шәкәрім университетінде

Шәкәрім университетінде Директорлар кеңесінің отырысы өткізілді. Кеңесте университеттің даму стратегиясы, халықаралық ынтымақтастық, ғылыми-инновациялық бағыттар және білім беру сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Келелі жиыннан кейін қатысушылар университеттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен және даму бағыттарымен танысты. Іссапар барысында олар университеттің академиялық, ғылыми және әлеуметтік инфрақұрылымын аралап көрді.

Танысуды университет жанындағы «Shakarim High School» мектебінен бастаған қонақтар мұндағы білім беру үдерісінің ерекшеліктерімен танысты.

Сонымен қатар, Huawei компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған цифрлық білім беру жобалары мен AI-SANA ұлттық бағдарламасы аясында жасалып жатқан жасанды интеллект агенттерінің мүмкіндіктері көрсетілді.

Инжиниринг орталығында орындалып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары, соның ішінде жасыл энергетика, баламалы құрылыс материалдары және цифрлық технологиялар бағытындағы жобалар мен Shakarim Labғылыми-зерттеу орталығындағы ауыл шаруашылығы, экология және өнеркәсіп саласындағы заманауи талдау және зерттеу әдістеріне бағытталған жұмыстар үлкен қызығушылық туғызды. Сондай-ақ, тамақ өнімдерін физика-химиялық талдау зертханасы, құрт өндіру технологиясы және ет өнімдерінің жартылай фабрикаттарына арналған оқу-өндірістік базасында жүзеге асырылып жатқан жобалар да қонақтарды бей-жай қалдырған жоқ.

Сапардың маңызды бөлігі Агротехнопарк, Валоризация орталығы және Ветеринарлық клиникаға арналды. Мұнда Директорлар кеңесі университеттің аграрлық ғылым мен өндірісті ұштастыру бағытындағы тәжірибесін көрді.

Кеңес мүшелері университеттің спорт кешендері мен Студенттер үйінде болып, білім алушылардың салауатты өмір салтын ұстануына жасалған жағдайларға қанықты.

Comments (0)

Leave a comment