News 18.10.2025 17

Табиғат тазалығы – өз тазалығымыз

Табиғат тазалығы – өз тазалығымыз

18 қазан күні Шәкәрім университетінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Шәкәрім тазалыққа шақырады!» атты кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — университет аумағында санитарлық тазалықты сақтау, жастарды экологиялық мәдениетке баулу және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.

Сенбілікке университет студенттері белсене қатысты. Олар оқу корпустарының маңын, жатақхана аумақтарын, демалыс орындарын қоқыстан арылтты.

Шара барысында студенттер мен ұстаздар бірлесіп, командалық рухта еңбек етіп, сенбіліктің тек тазалық науқаны ғана емес, сонымен қатар ұйымшылдықты арттыратын тәрбие құралы екенін көрсетті.

Мұндай іс-шаралар қала тазалығына үлес қосумен қатар жастардың экологиялық санасын қалыптастырып, қоғамға деген жауапкершілігін арттырады. Шәкәрім университеті алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастыра бермек.

Comments (0)

Leave a comment