Жаңалықтар 01.12.2025 34

Шәкәрім университеті мен Варшава политехникалық университеті арасындағы ғылыми диалог

Шәкәрім университеті мен Варшава политехникалық университеті арасындағы ғылыми диалог

Shakarim University-дің Цифрлық технологиялар және құрылыс жоғары мектебінің оқытушылары Д. Қожахметова мен Б. Қарымсақова ғылыми зерттеулер шеңберінде Варшава политехникалық университетіне барды.

Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатын көздеген сапар барысында кафедраның зертханалары бойынша зерттеу топтарының қатысуымен таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды, оның шеңберінде ғылыми әзірлемелер мен инновациялық зерттеулердің негізгі бағыттары ұсынылды.

Оқытушылар университеттің жетекші ғылыми-технологиялық орталықтарының, соның ішінде Centre for pre-Clinical Research and Technologies (CePT) және Center for Advanced Materials and Technologies (CEZAMAT) қызметімен танысты, онда заманауи зертханалық кешендер, жоғары технологиялық жабдықтар және қолданбалы зерттеулер нәтижелері көрсетілді.

Кездесулер мен ғылыми талқылаулар барысында бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту, академиялық және зерттеушілік қарым-қатынасты өрістету және бірқатар перспективалы бағыттар бойынша пәнаралық жобаларды іске асыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Варшава политехникалық университетіндегі әріптестерімізге, атап айтқанда профессор, техника ғылымдарының докторы Агнешке Дабскаға жылы қабылдағаны, кездесулерді ұйымдастырудың жоғары деңгейі, сондай-ақ халықаралық әріптестікті нығайтуға және ғылыми диалогты дамытуға ықпал ететін мазмұнды және жемісті ғылыми пікірталастар үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру