Ауыл шаруашылығы қалдықтарын энергия көзіне айналдыру

Тамақ инженериясы зерттеу мектебінің докторанты Аяулым Даниярова BR24992914 «Лигноцеллюлозалық қосалқы өнімдердің құндылығын арттыруға бағытталған құны жоғарылатылған өнімдерді өндірудің кешенді биотехнологиялық шешімдері» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында 24–26 қыркүйек күндері Ереванда өткен "«Биологиялық ғылымдар және Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін экологиялық шешімдер» («Biological Sciences and Environmental Solutions for the Achievement of Sustainable Development Goals (SDGs)») халықаралық конференциясына қатысып, баяндама жасады.
Халықаралық алаңда жас ғалым постерлік баяндама жасап, ғылыми пікір алмасты және Flash talk форматында “Қант қызылшасының сығындысын анаэробты ашыту арқылы сутек пен метан өндіру үшін кәдеге жарату” (“Sugar beet pulp valorization through anaerobic digestion for hydrogen and methane generation”) тақырыбындағы зерттеуін таныстырды.
Мұндай тәжірибе академиялық байланыстарды нығайтып, халықаралық ғылыми қауымдастықпен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.
Аяулым Даниярова ұсынған зерттеу жұмысы – ауыл шаруашылығы қалдықтарын тиімді пайдалану, жаңартылатын энергия көздерін өндіру бағытындағы маңызы зор бастама.