Shakarim University ректоры Думан Орынбековтің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған құттықтауы
Құрметті әріптестер, профессорлық-оқытушылық құрам, қызметкерлер, қымбатты Shakarim University студенттері, Shakarim College және Shakarim High School білім алушылары!
16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекесі, Тәуелсіздік күні.
Бұл — мемлекеттің кемелденуін, институттардың жауапкершілігін және ел болашағын күнделікті еңбегімен қалыптастырып отырған азаматтардың рөлін айқындайтын маңызды күн.
Ел тәуелсіздігі білім сапасы, ғылым деңгейі, өңірлердің тұрақтылығы және білім беру институттарының уақыттан озып жұмыс істей алу қабілеті арқылы көрініс табады.
Shakarim University бұл мерекені нақты нәтижелермен дәлелденген орнықты трансформация кезеңінде қарсы алып отыр.
Соңғы жылдары университет жоғары білім, колледж және мектепті біріктіретін, академиялық және ғылыми-зерттеу қызметінің барлық бағыттарын қамтитын біртұтас білім беру экожүйесін қалыптастырды.
Инфрақұрылым мен басқару саласында ресурстар оқу корпустары мен жатақханаларды жаңғыртуға, инженерлік желілер мен оқу ортасын жаңартуға, мектептен PhD деңгейіне дейінгі барлық кезеңдерде білім беру мен зерттеуге арналған заманауи материалдық-техникалық базаны қалыптастыруға бағытталды.
Академиялық бағытта бүгінде Shakarim University келесі көрсеткіштермен сипатталады: 72 бакалавриат білім беру бағдарламасы,62 магистратура бағдарламасы,13 PhD бағдарламасы,8 Жоғары және Зерттеу мектебі, 6500-ден астам студент және түлектердің жұмысқа орналасу деңгейінің тұрақтылығы.
Shakarim College пен Shakarim High School 2024 жылмен салыстырғанда білім алушылар контингенті, білім нәтижелерінің сапасы және университеттік ортаға араласу көрсеткіштері бойынша екі таңбалы өсім көрсетіп отыр.
Колледж бен мектеп кадр даярлаудың тұтас вертикалінің ажырамас бөлігіне айналып, әлеуетті ерте анықтауға және кәсіби траекторияны саналы таңдауға бағытталған жүйе ретінде қалыптасуда.
Ғылыми-зерттеу тұжырымдамасы мен халықаралық интеграция аясында университет QS рейтингін қоса алғанда, халықаралық рейтингтерде лайықты орынын айқындап отыр.
Зерттеу мектептері мен зертханалар дамып келеді. Қытай, АҚШ, Еуропа және Орталық Азия университеттерімен халықаралық әріптестік кеңеюде.
Халықаралық ғылыми стандарттар бойынша жұмыс істейтін scienceprofessors тұрақты пулы қалыптасты. Алайда стандарттардың өзі нәтижені қамтамасыз етпейді. Нәтиже сол стандарттардың артында тұрған адамдардың – оқытушылардың, зерттеушілердің, басқарушылардың және студенттердің жауапкершілігі мен белсенді ұстанымының нәтижесінде ғана пайда болады.
Сондықтан Shakarim University дамуының негізгі ресурсы әрдайым адам болып қала береді. Оның құзыреттілігі, өзгерістерге дайын болуы және нәтижеге жауапкершілікпен қарауы бүгінгі жетістіктерді ғана емес, болашақ сын-қатерлерге жауап беру қабілетін де айқындайды.
Осы тұрғыда біз трансформацияның келесі кезеңіне қадам басып отырмыз.
Shakarim University үшін 2026 жыл жүйелі трансформация жылы болады: білім беру бағдарламаларын жаңарту, зерттеу басымдықтарын күшейту, халықаралық байланыстарды кеңейту және студенттерді ғылыми әрі қолданбалы жобаларға тереңінен тарту жүзеге асырылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған мемлекеттік бағыт ғылымға, білімге және жаңа буын мамандарын даярлауға жоғары талап қояды. Осы логикада университеттер ел дамуының тірек нүктесіне айналып, кадрлар, шешімдер мен мағыналар қалыптасатын орталық ретінде экономиканы, ғылымды және қоғамды ілгерілетеді.
Тәуелсіздіктің практикалық мәні де осында – мемлекеттің мықты институттар арқылы орнықты даму, зияткерлік егемендік пен ұзақ мерзімді болашақты қамтамасыз ете алуында.
Әрбір оқу күні, әрбір дәріс, әрбір ғылыми жоба – ел болашағына қосылған үлес.
Құрметті әріптестер мен студенттер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Кәсіби шешімдеріңіз дәл, әрекеттеріңіз байыпты болып, әрбір оқу мен еңбек күні ел тұрақтылығы мен дамуына қосылған үлеске айналсын!
Құрметпен, Думан Орынбеков