Жаңалықтар 18.12.2025 96

Білім мен тәжірибені тоғыстыратын серіктестік

Білім мен тәжірибені тоғыстыратын серіктестік

Шәкәрім университеті мен Бесқарағай колледжі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім – ауыл шаруашылығы мен техникалық білім беру бағытында білікті, заманауи талаптарға сай мамандар даярлауға бағытталған нақты қадам.

Shakarim University-дің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бейімбет Дәрібаевпен кездесу барысында Бесқарағай колледжінің директоры Асқар Нұрғожин басты мақсат – колледж әлеуетін арттыру, сапалы кадр дайындау екенін атап өтті. Колледж бүгінгі таңда ауыл шаруашылығына бағытталған сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандар даярлап келеді. Атап айтқанда, аспаз ісі, ландшафтық дизайн, орман шебері, ауыл шаруашылығын механикаландыру бағыттары бойынша білім берілуде. Сонымен қатар, алдағы уақытта ветеринария мамандығын ашу жоспарланып отыр.

Қол қойылған меморандум білім алушыларды ерте кәсіптік бағдарлауды, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша маман даярлауды қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді байланысты нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, дуальды білім беру жүйесін дамыту, студенттердің практикалық дағдыларын бірлесіп жетілдіру басты назарда.

Бұл ретте Shakarim University еңбек нарығының қазіргі талаптарына жауап беретін, тәжірибелік даярлығы жоғары кадрлар дайындау мақсатында дуальды оқыту элементтерін енгізу, әріптестікті тереңдету, білім беру ұйымының мамандарын қосымша оқыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу міндеттерін алға қойып отыр. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы колледж базасында дәрістер оқып, шеберлік сабақтар өткізуді, тәжірибе алмасуды және бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлауда.

Бейімбет Дәрібаев бұл әріптестіктің білім беру сапасын арттырумен қатар, колледж түлектеріне жоғары білімге жол ашып, ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмыстарды жандандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Колледж түлектерінің университетке түсуі арқылы білімнің сабақтастығы қамтамасыз етіліп, өңір үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісі жаңа деңгейге көтеріледі.

Бұл меморандум – теория мен тәжірибені ұштастырып, ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін беретін тиімді әріптестіктің жарқын үлгісі.

Білім мен тәжірибені тоғыстыратын серіктестік
Білім мен тәжірибені тоғыстыратын серіктестік
Білім мен тәжірибені тоғыстыратын серіктестік
Білім мен тәжірибені тоғыстыратын серіктестік

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру