Жаңалықтар 22.10.2025 39

Ғылымға студенттік қадам: Семей өңірінің археологиялық және этнографиялық мұралары

Ғылымға студенттік қадам: Семей өңірінің археологиялық және этнографиялық мұралары

21 қазан күні “Тарих және археология” ғылыми-зерттеу орталығы мен “Тарих” кафедрасының ұйымдастыруымен “Жасstar” коворкинг орталығында ғылыми-танымдық кездесу өткізілді. Бұл іс-шара Республика күні ұлттық мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылып, студенттер мен жас ғалымдарды Семей өңірінің бай тарихи-мәдени мұраларымен таныстыруға бағытталды.

Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақтың ғылыми ізденіске деген қызығушылығын ояту, олардың тарихи танымын кеңейту және Семей өңірінің археологиялық әрі этнографиялық құндылықтарын кеңінен насихаттау болды.

Кездесу барысында жастар Семейдің ежелгі қалашықтары, қорғандары мен археологиялық қазбалары туралы терең мағлұмат алды, өңірдің көне ескерткіштері мен мәдени мұралары туралы тың мәліметтерге қанықты. Мәдени мұраларды сақтау мен зерттеудің маңыздылығы, сондай-ақ оның қазіргі қоғамдағы ролі де кеңінен қарастырылды. Сондай-ақ, археология ғылымының негізгі әдістері мен бағыттары талқыланып, археологтардың қазіргі таңда қандай зерттеулер жүргізіп жатқаны туралы пікір алмасты.

Мұндай ғылыми-танымдық іс-шаралар студенттердің білім көкжиегін кеңейтіп, олардың ғылыми зерттеулерге деген ынтасы мен қызығушылығын арттыруға септігін тигізетіні анық. Түптеп келгенде, өздерінің тарихи тамырын танып-білуге, ғылыми зерттеулер арқылы қоғамға пайдалы болуға жол ашады.

Алдағы уақытта да “Тарих және археология” ғылыми-зерттеу орталығы осындай танымдық және зерттеу бағытындағы кездесулерді жүйелі түрде ұйымдастырып, жастардың ғылыми әлеуетін дамытуға ерекше мән береді деп сенеміз.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру