ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!

Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жас ақындар арасында алғаш рет республикалық «Күміс домбыра» айтысы өтті.
Айтысқа 14-29 жас аралығында 30 айтыскер ақын қатысуға ниет білдіріп, іріктеу нәтижесі бойынша 16 ақын бақ сынады.
Айтыс нәтижесі бойынша Шәкәрім университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті Айшолпан Тлеутай I орынға ие болды.
Айшолпан Тлеутай жас ақын, Республикалық "Алаш сенген жастар" , Халықаралық "Мәңгілік Ел-менің елім" атты жыр мүшайраларының бас жүлде иегері.