Шәкәрім университеті AIUTA халықаралық қауымдастығына мүше болды

Шәкәрім университеті Үшінші жастағы университеттердің халықаралық қауымдастығына ассоциативті мүше ретінде қабылданды.
AIUTA – әлемнің әртүрлі елдеріндегі үшінші жастағы университеттер мен ұқсас ұйымдарды біріктіретін, аға буынға арналған өмір бойы білім алу жүйесін дамытуға бағытталған беделді халықаралық қауымдастық.
Шәкәрім университетінің халықаралық қауымдастыққа мүше болуы – білім алу жүйесіне бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Ендігі кезекте университетіміз аға буын өкілдеріне арналған білім беру, шығармашылық және әлеуметтік жобаларды кеңінен жүзеге асырады.
«Күміс университет» ‐ Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-танымдық жоба. Оның басты мақсаты ‐ зейнет жасындағы азаматтарға білім беру, әлеуметтік белсенділікке тарту және оларды қоғамның маңызды бөлігі ретінде қолдау. Жоба аясында егде жастағы азаматтарға түрлі бағыттағы курстар, семинарлар, тренингтер мен шығармашылық үйірмелер ұсынылады.
Шәкәрім университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Үшінші жас университеттерінің халықаралық қауымдастығының (AIUTA) президенті, профессор Франсуа Велластың Қазақстанға келген сапар барысындағы жиынына арнайы қатысып, ынтымақтастық аясындағы меморандумға қол қойды.
Бұл қадам – университеттің интернационализация стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады және өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейлерде білім беру мен әлеуметтік жобаларды нығайтуға ықпал етеді.