«Shakarim Energy-2025» – жарқын сәттер, жаңа бастамалар!
Бүгін Абай аренада Шәкәрім университетінің «Shakarim Energy» студенттер қатарына қабылдау кеші өтті!
Ғажайып атмосфера сыйлаған кеш «Force» тобының заманауи биімен ашылып, мектептер шеруімен жалғасты.
Университет ректоры Думан Орынбеков студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен және өмірлеріндегі маңызды кезеңмен құттықтап, білім мен бірлікке шақырып,
білім алушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, экс-спикерлерді марапаттады.
Салтанатты кеш барысында жас білімгерлер ант қабылдап, Шәкәрім шаңырағының мүшесіне айналды. Жаңа спикер сайланып, жаңа есімдер жарқырады.
Мерекелік кеште университет түлектері, танымал әншілерге айналған «Мәдәт пен Мәдина» дуэті, «Ұшқын» тобы және Семей қаласының жұлдыздары – «Элит» триосы өнер көрсетіп, керемет көңіл-күй сыйлады.
«Shakarim Energy-2025» – жастықтың, шабыттың және шынайы эмоциялардың мерекесі!




