Shakarim University Азияның үздік 500 университетінің қатарында!
2025 жылғы 4 қараша, Сеул (Оңтүстік Корея)
Shakarim University Қазақстанның серпінді дамып келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі ретінде өз мәртебесін дәлелдеп, QS World University Rankings: Asia 2026 рейтингінде Азияның ең үздік 500 университетінің қатарына енді.
Жарияланған нәтижелер бойынша университет 493-орынға ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 26 позицияға көтерілді (QS Asia 2025 рейтингінде – 519-орын).
Нарықтық және академиялық серпіліс
Биылғы QS Asia 2026 рейтингінде 1526 университет бақ сынады, олардың 44-і –Қазақстаннан.
Сонымен қатар, 550 университет алғаш рет тізімге енді, оның ішінде 10 қазақстандық ЖОО бар.
Осындай жоғары бәсекелестік жағдайында Shakarim University өз позициясын сақтап қана қоймай, академиялық сапасы мен ғылыми нәтижелілігін арттырып, халықаралық беделін айтарлықтай нығайтты.
2025 жылы рейтингке 984 университет (оның ішінде 35 қазақстандық) қатысқан болатын. Осы тұрғыдан алғанда, Shakarim University-дің тұрақты өсуі — өңірлік университеттің әлемдік сапа стандарттарына қарай жүйелі ілгерілеуінің айғағы.
Өңірлік көшбасшыдан халықаралық дәрежеге дейін
493-орын — Shakarim University-дің Азияның жаһандық академиялық кеңістігіне нақты қадам басқанын көрсетеді.
Университет QS көрсеткіштері бойынша тұрақты өсім көрсетуде:
Academic Reputation (академиялық бедел)
International Research Network (халықаралық ғылыми ынтымақтастық желісі)
Employer Reputation (жұмыс берушілер алдындағы бедел)
Faculty/Student Ratio (оқытушылар мен студенттер арақатынасы)
Бұл — университетке академиялық қауымдастық, жұмыс берушілер және халықаралық серіктестер тарапынан артқан сенімнің дәлелі.
Дүниежүзілік контекст және Қазақстанның стратегиялық бағыты
QS World University Rankings: Asia – Азия аймағындағы жетекші жоғары оқу орындарын айқындайтын беделді халықаралық рейтингтердің бірі.
Shakarim University-дің Азияның үздік 500 университетінің қатарына енуі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың интеллектуалды ұлт қалыптастыру және білім беру жүйесінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі стратегиялық бағытымен толық үндеседі.
Shakarim University жетістігінің формуласы
Университеттің тұрақты өсуі мен халықаралық мойындалуы келесі басым бағыттар арқылы қамтамасыз етілуде:
интернационалдандыру және халықаралық серіктестік;
әлемдік деңгейдегі ғылыми мектептер мен зертханалардың дамуы;
«Бір белдеу — бір жол» бағдарламасы аясындағы жаһандық білім және ғылыми бастамаларға қатысу.
Shakarim University ректоры Думан Орынбеков:
«Бұл нәтиже — біздің ұжымның қажырлы еңбегінің және өңірлік университеттің халықаралық стандарттарда табысты жұмыс істей алатынының дәлелі.
Біз уақыт ағымына ілесіп қана қоймай, сапа, инновация және интеллект қағидаттарына негізделген өз академиялық траекториямызды қалыптастырып келеміз»
Анықтама үшін:
QS Asia 2025: 519-орын (984 университет, оның ішінде 35-і - Қазақстаннан);
QS Asia 2026: 493-орын (1526 университет, оның ішінде 44 -Қазақстаннан);
Рейтингке қатысушылар қатары 542 университетке артқан, өсу: +26 позиция,