Жас ғалымдарға арналған семинар

1 қазан күні Шәкәрім университетінде «Қазақстандағы Жасанды интеллект (ЖИ) апталығы» аясында жас ғалымдарға арналған «Зерттеу саласындағы жасанды интеллект құралдары» атты арнайы семинар өтті.
Семинарды ұйымдастырушы – STEM жоғары білім беру мектебі, математика кафедрасының оқытушысы және докторанты Қабласымова Айзере Нұрланбекқызы болды.
Іс-шара барысында қатысушы магистранттар мен докторанттарға ғылыми зерттеулерде қолданылатын жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктері мен артықшылықтары кеңінен таныстырылып, олардың тәжірибелік қолдану жолдары туралы жан-жақты мәлімет берілді. Жас зерттеушілер жаңа технологияларды ғылыми ізденістерінде тиімді пайдалану әдістеріне бағыт-бағдар алды.
Семинардың басты мақсаты – зерттеу үдерісінде жасанды интеллектіні тиімді және нәтижелі қолдануды үйрету, сондай-ақ жас зерттеушілердің инновациялық ойлау қабілеттерін дамыту арқылы олардың кәсіби шеберлігін арттыру болды.
Мұндай бастамалар жас ғалымдардың кәсіби дамуына серпін беріп, ғылым мен технологияның ұштасуына және еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға елеулі ықпал етеді.