Жаңалықтар 09.10.2025 171

Жастармен жүздесу – сенім мен серпіліс алаңы

Жастармен жүздесу – сенім мен серпіліс алаңы

Shakarim University ректоры Думан Орынбеков оқу орнының білім алушыларымен кездесу өткізді. Бұл жүздесу білім мен руханиятты серік еткен жастардың болашағы жайлы ашық пікір алмасуға, өзара ой бөлісуге бағытталды.

Кездесу барысында Думан Рымғалиұлы қазіргі жаһандану дәуірінде жастардың жан-жақты, саналы, бәсекеге қабілетті болуы керектігін, студенттерге артылатын сенім мен үміттің зор екенін баса айтты. Ол Семей сынды қарт қалада орын тепкен Шәкәрім университетінің өңірдегі іргелі жоғары оқу орны саналатынын айтып, университет тек білім ордасы ғана емес, «Толық адам» тұжырымдамасына негізделген рухани және зияткерлік кемелдікке бастар мекен екенін ерекше атап өтті.

Біздің студенттер жан-жақты дамыған, белсенді, рухани бай, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, ұлт болашағына жауапкершілікпен қарайтын тұлға ретінде қалыптасуы тиіс. Университетімізден түлеп ұшатын әр жас – қоғамның қозғаушы күші, қаламыздың көркеюіне үлес қосатын азамат. Сіздер – университеттің жүрегі ғана емес, оның болмысын айқындайтын тұлғасыздар. Заманауи үрдістерге ілесіп қана қоймай, өз ортаңызда үлгі болатын жастар болуға тиіссіздер,- деді ректор.

Кездесу барысында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз ой-пікірлерін еркін білдірді. Ұсыныстарын ортаға салды.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру