AP25796807 «Жайық популяциясы киіктерінің гельминтоздары және тәлімбақ жағдайында ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды әзірлеу»
Жоба жетекшісі
Қожаева Айгерім Романқызы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Shakarim Lab, Биологиялық және тағам қауіпсіздігі зертханасының меңгерушісі, PhD докторы
Өзектілігі
Гельминттік аурулар үй және жабайы сүтқоректілер арасында кең таралған. Гельминтоздардың арасында ценуроз, мониезиоз, эхинококкоз, ас қорыту жолдарының стронгиляты және т.б. аурулар жануарларға үлкен зиян келтіреді. Биологиялық факторлар патогендік вирустармен, бактериялармен, саңырауқұлақтармен, паразиттік протозоидтармен, гельминттермен, жәндіктермен, кенелермен ұсынылған.
Патогендік агенттер жануарлардың организміне еніп, оның жасушалары мен ағзаларына зақым келтіреді, түрлі аурулардың қоздырғыштарына ашық есік болып табылады.
Гельминтоздық ауруларды жабайы жануарлар популяциясының күйіне әсер ететін фактор ретінде зерттеу экологиялық зерттеулердің бір аспектісі болып табылады.
Жануарлар гельминттерінің, соның ішінде киіктер арасында таралу деңгейі климаттық және жайылымдық жағдайларға, инвазиялық элементтердің сыртқы ортада дамуын және сақталуын қамтамасыз ететін қоршаған орта факторларына байланысты. Киіктерді тәлімбақ жағдайында (питомниктерде) ұстау, әрине, киіктердің гельминт фаунасының қалыптасуы мен таралуына, сондай-ақ осы территорияның биогеоценоздарындағы айналымына әсер етеді.
Соңғы уақытта Қазақстан Республикасында қорғау ведомстволарының арқасында киіктердің саны 60 есеге өсті, ел аумағында 2,6 млн. астам киіктер мекендейді.
Осыған байланысты киіктер мен ауыл шаруашылығы жануарлары арасында жайылымдар мен су көздері үшін бәсекелестік күшейді, киіктердің егістіктерді зақымдауы жиілеуде. Киіктердің тығыздығының артуы түрлі аурулардың өршуін тудырады, бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкелуі мүмкін.
Көші-қон кезеңінде киіктер ауыл шаруашылығы малының жайылымдарымен бірдей жерлерде жайылады. Дегенмен, киіктер жайылым учаскелерін үнемі ауыстырып отырады. Киіктің және үй малының паразиттерінің қауымдастығы 60-100% құрайды, алайда кейбір паразиттердің бөлігі тек киіктерге тән, мысалы: A.centripunctata, S.ovis және N.gazellae.
Осыған байланысты киіктер ауыл шаруашылығы жануарларын гельминтоздармен жұқтыруда ерекше рөл атқарады. Диагноз қою және жануарлардың өлу себебін анықтау үшін, жануарды жарып сойып, оның ішкі ағзалары мен тіндеріндегі патоморфологиялық өзгерістерді зерттеу басымдыққа ие. Инвазиялық гельминттермен залалданған киіктердің гематологиялық және биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу ғылым үшін маңызды әрі жаңашыл, өйткені бұл көрсеткіштер жануар организмі жағдайын бағалауға мүмкіндік береді және гельминтоздарға қарсы профилактикалық шараларды әзірлеуде қолданылуы мүмкін.
Мақсаты
Киіктердің гельминтофаунасын зерттеу және киіктердің гельминтоздарына қарсы ветеринариялық профилактикалық шараларды әзірлеу.
Күтілетін нәтиже
Жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелер:
1.Жайық популяциясы киіктерінің гельминтоздарының кейбір клиникалық-патоморфологиялық ерекшеліктері зерттелетін болады;
2.Тәлімбақтағы киіктердің қанының биохимиялық және гематологиялық көрсеткіштері зерттелетін болады;
3. Ұсақ мал мен киіктерге ортақ гельминттердің түрлері анықталады;
4. Тәлімбақтағы киіктердің гельминтофаунасы зерттеледі;
5. Киіктердің гельминтоздарына қарсы препараттарды қолданудың тиімділігін зерттеу;
6. Киіктердің гельминтоздары кезінде ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар әзірленетін болады.
Қол жеткізілген нәтиже
-
Ғылыми топ
Қожаева Айгерім Романқызы
«Шәкәрім университеті» КеАҚ, Shakarim Lab, Биологиялық және тағам қауіпсіздігі зертханасының меңгерушісі, PhD докторы
Кушалиев Кайсар Жалитович
«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор
Пайдалы сілтемелер
Жоба туралы
Сол кездегі жобалар
АР27508635 «Қазақстандағы сиыр етін өндірудің бәсекеге қабілеттілігін талдау: АҚШ-та қолданылатын тәсілдермен бірге еттің сапасы, қауіпсіздік стандарттары және қаңқа параметрлерін салыстыру»
Болкенов Бакытжан Тургазыевич, «Шәкәрім университеті» КеАҚ,...
AP25796649 «Екіншілік сүт шикізатын қолдану арқылы құрт өндірісінің инновациялық технологияларын әзірлеу»
Жакупбекова Шугыла Кадыровна, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, п...
AP25796077 «Қазақ эмиграциялық баспасөзінің интеллектуалды дискурсты қалыптастырудағы рөлі»
Ұшқын Сәйдірахманұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ ғылыми қыз...
AP25794135 «Таза биогаз өндірісінің тиімділігін болжайтын математикалық моделін және аналитикалық жүйесін құрастыру».
Шакерхан Қапан Оралғазыұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Физ...
Байланыс
Ғылыми бөлім:
+7 (7222) 31-31-75
science@shakarim.kz