АР26197931 «Ауыл шаруашылығы объектілерін үздіксіз электр энергиясымен және сумен қамтамасыз ету үшін автоматтандырылған басқаруы бар жел-күн қондырғысын әзірлеу және зерттеу».

2025-2027 36 ай

Жоба жетекшісі

Абильмажинов Ермек Толегенович («Шәкәрім университеті» КеАҚ, «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар» кафедрасы, техника ғылымдарының докторы, профессор).

Өзектілігі

Бүгінгі таңда дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер "жасыл" технологиялардың белсенді дамуына назар аударуда. Біздің еліміз де қалыс қалмауда, Қазақстан Үкіметі баламалы энергия көздерін ескере отырып, 2030 жылға қарай ЖЭК үлесінің 15% -ға, 2050 жылға қарай 50% - ға қол жеткізу бойынша нақты нысаналы индикаторларды негізге алып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев қазақстандық ЖЭК өндірісін – материалдарды ғылыми-зерттеуден бастап, жел турбиналарын, күн батареяларын және басқа да электр жабдықтарын өндіруді, арттыруға көбірек көңіл бөлу керектігін атап өтті. Біздің елімізде ЖЭК-ін дамыту үшін зор мүмкіндіктер бар. Оның дәлелі жаңартылатын жел мен күн энергиясының резервтерімен үлкен аумақтар бар, олар энергия көздерін әртараптандыруға, оны шалғай аудандардағы электр энергиясы және сумен жабдықтау мәселелерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Ғылыми жобаның зерттеу объектісі - автоматтандырылған басқару жүйесі мен энергияны жинақтау жүйесі бар тәжірибелік-эксперименттік жел-күн қондырғысы.

Бастапқы жобалау мен модельдеуден бастап өндіріс пен сынаудың кейінгі кезеңдеріне дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын жоба Қазақстанның ғылыми-зерттеу ортасына елеулі әсер етуі мүмкін. Жоба Шәкәрім университетінде магистранттар мен докторанттарды оқыту арқылы еліміз үшін жас ғалымдардың дамуына ықпал ететін болады.

Жобаның практикалық маңыздылығы ауа-райына қарамастан электр энергиясымен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету. Жел болған кезде жел-күн қондырғысы сығылған ауаны қабылдағыштарда жинақтайды, олар болашақта жел болмаған кезде, бұлтты жағдайда да қондырғының жұмысын және электр энергиясы мен судың тұрақты ағынын желіден тыс режимінде қамтамасыз ете алады.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері жаңартылатын энергия көздері саласындағы техника мен технологиялардың дамуына оң әсер етеді және жоғары әлеуметтік және экономикалық әсерге ие болады, мысалы: арзан энергияның тұрақты өндірісі, электр энергиясы мен судың үздіксіз жеткізілуі, ауыл халқының әлеуметтік жағдайларының жақсаруы.

Мақсаты

Қазақстан Республикасының шалғай және құрғақ аймақтарында орналасқан ауыл шаруашылығы объектілерін дербес электр энерегиясымен және сумен жабдықтау үшін автоматтандырылған басқару жүйесі бар жел мен күн энергиясын жинақтайтын және пайдаланатын жел-күн қондырғысын әзірлеу және зерттеу.

Күтілетін нәтиже

Ұсынылатын жел-күн қондырғысы құрылғысының экономикалық тиімділікті қоса алғанда, технологиялық, ғылыми және пайдалану негіздемесі; Сығылған ауа энергиясын жинақтауды, сақтауды және үнемді пайдалануды қамтамасыз ететін көп секциялы ресиверді (сығылған ауа жинақтағышын) әзірлеу; Жел-күн қондырғысы мен энергияны жинақтау жүйесінің технологиялық параметрлерін басқару мен болжаудың математикалық моделін әзірлеу; Математикалық модель негізінде штаттан тыс жағдайларда шешім қабылдау бойынша аналитикалық жүйені және жел-күн қондырғысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін (бағдарламалық қамтамасыз ету) әзірлеу; Отандық материалдардан жел-күн қондырғысын дайындауға және оны ауыл шаруашылығы объектілеріне енгізуге конструкторлық-технологиялық құжаттаманы дайындау; Автоматтандырылған басқару жүйесімен, электр энергиясын минималды тұтынумен және өзін-өзі электр энергиясымен қамтамасыз ете алатын жел-күн қондырғысының арзан, сенімді және тиімді құрылымын әзірлеу және дайындау; Жел-күн қондырғысын пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу.

Қол жеткізілген нәтиже

-

Ғылыми топ

Абильмажинов Ермек Толегенович

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар» кафедрасы, техника ғылымдарының докторы, профессор.

Шаяхметов Ержан Ярнарович

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, PhD.

Толысбаев Бауржан Советұлы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университері, Менеджмент кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы, техника ғылымдарының кандидаты, экономика профессоры, машина тану және машинажасау доценті.

Советбаев Раил Аянович

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, «Машина жасау» ББ бойынша магистр, «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі.

Анибаев Серик Мукатаевич

инженер-конструктор.

Шакерхан Қапан Оралғазыұлы

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, «Физика және информатика» кафедрасының аға ғылыми қызметкері, PhD.

Дукенбаев Дамир Кайратович

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, «8D07101-Технологиялық машиналар мен жабдықтар» ББ докторанты, «6М071200 - Машина жасау» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі.

Курушбаева Динара Талгатовна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, «8D07102 - Автоматтандыру және басқару» ББ 2 курс докторанты.

Коц Владислав Николаевич

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, «7М07104 - Машина жасау» мамандығы бойынша магистранты.

Билялов Альтаир Канатович

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, техникалық ғылымдар бакалавры, «7М07104-Машина жасау» магистранты.

Алшинбеков Ернар Ермекович

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, техникалық ғылымдар бакалавры, «7М07104 - Машина жасау» магистранты.

Қанағатова Талшын Нұрсағатовна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, бухгалтер

Барлық жобалар

Жоба туралы

Кезең: 2025-2027
Ұзақтығы: 36 ай
Категория: 1

Сол кездегі жобалар

АР27508635 «Қазақстандағы сиыр етін өндірудің бәсекеге қабілеттілігін талдау: АҚШ-та қолданылатын тәсілдермен бірге еттің сапасы, қауіпсіздік стандарттары және қаңқа параметрлерін салыстыру»

Болкенов Бакытжан Тургазыевич, «Шәкәрім университеті» КеАҚ,...

AP25796649 «Екіншілік сүт шикізатын қолдану арқылы құрт өндірісінің инновациялық технологияларын әзірлеу»

Жакупбекова Шугыла Кадыровна, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, п...

AP25796807 «Жайық популяциясы киіктерінің гельминтоздары және тәлімбақ жағдайында ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды әзірлеу»

Қожаева Айгерім Романқызы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Shak...

AP25796077 «Қазақ эмиграциялық баспасөзінің интеллектуалды дискурсты қалыптастырудағы рөлі»

Ұшқын Сәйдірахманұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ ғылыми қыз...

AP25794135 «Таза биогаз өндірісінің тиімділігін болжайтын математикалық моделін және аналитикалық жүйесін құрастыру».

Шакерхан Қапан Оралғазыұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Физ...

Байланыс

Ғылыми бөлім:

+7 (7222) 31-31-75

science@shakarim.kz