AP25796077 «Қазақ эмиграциялық баспасөзінің интеллектуалды дискурсты қалыптастырудағы рөлі»
Жоба жетекшісі
Ұшқын Сәйдірахманұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ ғылыми қызметкері.
Өзектілігі
Жоба нәтижелері тек ғылыми зерттеулерде ғана емес, қазақ тарихын жаңаша бағалауда да маңызды рөл атқарады. Эмиграциялық басылымдардың идеялары қазіргі Қазақстанның даму бағытымен үндесіп, тарихи тәжірибені бүгінгі күн талаптарымен салыстыруға мүмкіндік береді.
Ұлттық деңгейде жоба қазақ халқының тарихын тереңірек түсінуге, эмиграциялық басылымдардың саяси және мәдени ықпалын айқындауға жол ашады. Халықаралық деңгейде оның нәтижелері ұлттық идеялар мен қоғамдық сананың қалыптасуындағы эмиграциялық баспасөздің рөлін танытып, Қазақстанның тарихи зерттеулер саласындағы беделін күшейтеді.
Жалпы алғанда, жоба ұлттық бірегейлікті нығайтып, қоғамдық сананы жетілдіруге, сондай-ақ Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын әлемге кеңінен насихаттауға ықпал етеді.
Мақсаты
Қазақ эмиграция баспасөзінің генезисін, эволюциясын, хронологиясын кешенді түрде зерттеу арқылы ұлттық интеллектуалды дискурс қалыптастырудағы рөлін анықтау. Эмиграциялық басылымдардың даму траекториясын тарихи контексте талдап, идеялық мазмұнының метаморфозасын көрсету
Күтілетін нәтиже
- 2025 жылға: ҒЖБССҚК дерекқорына енетін журналда 2 мақала жарияланып, қазақ эмиграциялық баспасөзіне қатысты «Инфографикалық карта» әзірленеді;
- 2026 жылға: ҒЖБССҚК дерекқорына енетін журналда 2 мақала жарияланып, қазақ эмиграциялық баспасөзіне қатысты монография жарық көреді;
- 2027 жылға: ҒЖБССҚК дерекқорына енетін журналда 1 мақала және қазақ эмиграциялық баспасөзіне қатысты 1 антология әзірленді.
Қол жеткізілген нәтиже
-
Ғылыми топ
Аубакирова Карлыгаш Адильхановна
филология ғылымдарының PhD докторы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы, әдебиеттанушы-ғалым
Пайдалы сілтемелер
Жоба туралы
Сол кездегі жобалар
АР27508635 «Қазақстандағы сиыр етін өндірудің бәсекеге қабілеттілігін талдау: АҚШ-та қолданылатын тәсілдермен бірге еттің сапасы, қауіпсіздік стандарттары және қаңқа параметрлерін салыстыру»
Болкенов Бакытжан Тургазыевич, «Шәкәрім университеті» КеАҚ,...
AP25796649 «Екіншілік сүт шикізатын қолдану арқылы құрт өндірісінің инновациялық технологияларын әзірлеу»
Жакупбекова Шугыла Кадыровна, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, п...
AP25796807 «Жайық популяциясы киіктерінің гельминтоздары және тәлімбақ жағдайында ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды әзірлеу»
Қожаева Айгерім Романқызы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Shak...
AP25794135 «Таза биогаз өндірісінің тиімділігін болжайтын математикалық моделін және аналитикалық жүйесін құрастыру».
Шакерхан Қапан Оралғазыұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Физ...
Байланыс
Ғылыми бөлім:
+7 (7222) 31-31-75
science@shakarim.kz