AP26100579 «Бройлер тауықтарындағы ақсақтықты көп факторлы талдау: Қазақстанның коммерциялық құс фабрикаларында патогендерді анықтау, қауіп факторлары және алдын алу стратегиялары»
Жоба жетекшісі
Жексенаева Асель Бексултановна, қауымдастырылған профессор м.а., PhD
Өзектілігі
Бройлерлердегі ақсақтық – әлемдік құс шаруашылығына айтарлықтай әсер ететін маңызды ауру болып қалып отыр. Бұл құбылыс жыл сайын миллиардтаған доллар шығынға әкеледі, себебі көптеген құс еті жарамсыз деп танылып, өндірістен шығарылады.
Алдын алу шараларын зерттеу мен осы аурудың микробиологиялық қоздырғыштарын анықтау саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгеніне қарамастан, әлемнің әртүрлі аймақтарындағы, әсіресе Орталық Азиядағы, бройлерлердің ақсақтық көрсеткіштері бойынша мәлімет пен статистикалық деректердің тапшылығы әлі де өзекті мәселе болып отыр.
Осы аймақтағы құс шаруашылығына соңғы жылдары салынған ірі инвестицияларды ескере отырып, бұл жобаның мақсаты – бройлерлердегі ақсақтықтың алдын алу мен оның таралуын азайту ісінде саланың дамуына пайдалы болатын тәжірибелік және қолданбалы білімнің берік негізін қалыптастыру.
Мақсаты
Жоба Ақмола, Абай және Алматы облыстарында бройлер тауықтарының ақсақтық ауруының таралу деңгейін зерттеуге, бұл ауруды тудыратын бактериялық патогендерді анықтауға, сондай-ақ емдеу тәсілдерін бағалауға бағытталған. Зерттеу барысында құстардың күтіп-бағу жағдайлары, қоректендіру ерекшеліктері және ақсақтықтың дамуына әсер ететін өзге де факторлар талданады. Жобаның басты мақсаты — ақсақтықтың алдын алу мен емдеуді жетілдіруге арналған ұсынымдар әзірлеу. Бұл өз кезегінде құстардың аурушаңдығын төмендетіп, олардың денсаулығын жақсартуға және құс шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері бройлерлердің саулығын басқару тәжірибесін оңтайландыруға және құс шаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Күтілетін нәтиже
Web of Science базасының Science Citation Index Expanded индекстелетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша 65-тан (алпыс бестен) кем емес процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда жобаның ғылыми бағыты бойынша кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу жарияланады;
ҒЖБССҚК ұсынған басылымдар тізбесінің 1-ші Тізіміне немесе 2-ші Тізіміне кіретін отандық немесе шетелдік ғылыми басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу жарияланады.
Қол жеткізілген нәтиже
-
Ғылыми топ
Жексенаева Асель Бексултановна
PhD, қауымдастырылған профессор м.а.
Билялов Ермекказы Ережепович
Ветеринария ғылымдарының кандидаты
Тусупов Серик Джумакасович
Ветеринария ғылымдарының кандидаты , қауымдастырылған профессор
Темирова Акерке Сериккалиевна
Ветеринария ғылымдарының магистрі
Берікқалиева Аида
2-курс магистранты.
Пайдалы сілтемелер
Жоба туралы
Сол кездегі жобалар
АР27508635 «Қазақстандағы сиыр етін өндірудің бәсекеге қабілеттілігін талдау: АҚШ-та қолданылатын тәсілдермен бірге еттің сапасы, қауіпсіздік стандарттары және қаңқа параметрлерін салыстыру»
Болкенов Бакытжан Тургазыевич, «Шәкәрім университеті» КеАҚ,...
AP25796649 «Екіншілік сүт шикізатын қолдану арқылы құрт өндірісінің инновациялық технологияларын әзірлеу»
Жакупбекова Шугыла Кадыровна, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, п...
AP25796807 «Жайық популяциясы киіктерінің гельминтоздары және тәлімбақ жағдайында ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды әзірлеу»
Қожаева Айгерім Романқызы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Shak...
AP25796077 «Қазақ эмиграциялық баспасөзінің интеллектуалды дискурсты қалыптастырудағы рөлі»
Ұшқын Сәйдірахманұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ ғылыми қыз...
AP25794135 «Таза биогаз өндірісінің тиімділігін болжайтын математикалық моделін және аналитикалық жүйесін құрастыру».
Шакерхан Қапан Оралғазыұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Физ...
Байланыс
Ғылыми бөлім:
+7 (7222) 31-31-75
science@shakarim.kz