AP26198515 «Ет өндірісінде қалдықсыз технология негізінде қосымша ет шикізаттарын тиімді пайдалану, тамақтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бизнес жоспарын құру».

2025-2027 36 ай

Жоба жетекшісі

Касымов Самат Кайратович, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Тамақ технологиясы кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор.

Өзектілігі

Қазіргі уақытта қосымша шикізаттар кәсіпорындарда кәдеге жаратылмай, қалдық ретінде төгілуде. Бұл жобада, қалдықсыз технологияны пайладану негізінде қосымша шикізаттарды негіздей отырып ет өнімдерін алу, олардың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету көзделген.

Мақсаты

Қалдықсыз технологиялар негізінде қосымша ет шикізаттарын тиімді пайдалану арқылы жаңа табиғи ет өнімдерін өндіру, оларға кешенді зерттеу жүргізу, тағамдық қауіпсіздігін дәлелдеу және экономикалық тиімділігін талдау нәтижесінде бизнес-жоспар құру.

Күтілетін нәтиже

1) Жоба барысында жасалған ғылыми жұмыстардың қорытындысы бойынша - Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) не 2 (екінші) квартильге кіріп, Science Citation Index Expanded-те индекстелетін және (немесе) CiteScore бойынша Scopus базасында 65-тен (алпыс бес) кем емес процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу; ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу жарияланады; Жарияланатын мақалалардың біреуі Қазақстан экономикасының нақты секторындағы кәсіпорындардың міндеттері бойынша multidisciplinary (мультидисциплинарлық немесе пәнаралық практикалық қолдану) санатын қамтиды, сондай-ақ жобаның нәтижелері конструкторлық құжаттамалардың бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - КҚБЖ) бойынша дайындалған жобалау-конструкторлық құжаттама қамтылады.

2) шетелдік және (немесе) қазақстандық баспалар кітаптарында монографияларды, кітаптарды және (немесе) кітаптардағы тарауларды жариялау қарастырылмаған;

3) шетелдік (еуропалық, американдық, жапондық) патенттік бюродан, қазақстандық немесе еуразиялық патенттік бюродан патенттер алу қарастырылмаған;

4) Жобада зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынған табиғи таза өнімдердің тамақ қауіпсіздігін бақылау жүйесін ұйымдастыру бойынша нормативтік-техникалық құжаттамалар әзірлеу қарастырылған. Абай облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, экономикалық тиімді бизнес жоспар құрылады, «Дария» шұжық цехында жаңа табиғи ет өнімдеріне аппробация жасау үшін келісім шарт жасалады.

5) Әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қоғамдастықтары және қалың жұртшылық арасында жұмыс нәтижелерін тиімді тарату үшін ғылыми журналдарда басылымдар, техникалық нұсқаулықтар мен есептер және әлеуметтік желілер қолдану арқылы жүзеге асатын болады.

6) конкурстық құжаттаманың талаптарына және жобаның ерекшеліктеріне сәйкес басқа да өлшенетін нәтижелер. Бөлімде:

1) тұтынушылар арасында ғылыми қауымдастықтар, өндірістік кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, сондай-ақ жастар мен білім алушылар бар. Жобаның тиімділігі мен әлеуеті осы нысаналы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын болады;

2) жобаның күтілетін нәтижелері ғылым мен технологиялардың әртүрлі бағыттары тағам қауіпсіздігі мен экология, қалдықсыз технология, экономиканы дамытуға және олардың сабақтас салаларында прогреске қол жеткізуге ықпал ететін болады;

3) жобаның нәтижелері негізінде дайындалған бизнес-жоспарды жергілікті кәсіпкерлерге ұсыну арқылы коммерцияландыру мүмкіндігі бар;

4) ғылым және өндіріс саласы қызметкерлерінің біліктілігін одан әрі арттыру және арнайы білім саласын кеңейту және жас мамандарды (магистранттар мен докторанттарды) даярлаудың тиімді бағдарламасын іске асыру мақсатында жаңа технологияларға, білім мен құзыреттерге негіз жасайды, сондай-ақ бағдарламаның ерекшелігі отандық ғалымдардың сондай-ақ Шәкәрім университетінің ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жүргізіп, қалдықсыз технологиялар негізінде қосымша шикізаттарды пайдалана отырып жаңа табиғи таза ет өнімдердін ұсынатын болады. Университет білім алушылары бұл жобада өндіріс процесіне араласып, тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді;

5) жобаның нәтижелері тек ғылыми тұрғыдан ғана емес, оның әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері тұрғысынан да айқын көрінеді. Жобаның тікелей және жанама нәтижелері, олардың сапалық және сандық сипаттамалары, сондай-ақ олардың күтілетін әсері табиғи ет өнімдері өндіріледі, қалдықсыз технологоиялар негізінде өндіру, өнімділікті 25-30 пайызға арттырады, жаңа жұмыс орындары құрылу ықтималдылығы бар. Жобаның зерттеу жұмыстары нәтижесінде ғылыми мақалалар жарияланып, ғылыми-техникалық құжаттамалар дайындалады.

Зерттеу процесіне жас мамандар мен PhD докторанттар және магистранттар белсенді қатысатын болады.

Қол жеткізілген нәтиже

-

Ғылыми топ

Касымов Самат Кайратович

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, "Тамақ технологиясы" кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Нүрымхан Гүлнұр Несіптайқызы

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, Тамақ инженериясы зерттеу мектебінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Искакова Марал Сериковна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, "Экономика және қаржы" кафедрасының аға оқытушысы, PhD

Жумашбекова Самал Кабдрахмановна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау орталығының жетекші маманы

Кулуштаева Ботакоз Манарбековна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, «Тамақ технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы, PhD

Камбарова Арай Сагинбековна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, «Тамақ технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы, PhD

Утегенова Аия Оразбековна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, «Тамақ технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы, PhD

Сейпилова Мадина Ермеккызы

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, «Тамақ технологиясы» кафедрасының оқу шебері, техника ғылымдарының магистрі

Бегалы Мадина Нартайқызы

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, «Тамақ технологиясы» кафедрасының докторанты, техника ғылымдарының магистрі

Муслимова Назерке Рахифовна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, «Тамақ технологиясы» кафедрасының докторанты, техника ғылымдарының магистрі

Макажанова Куралай Нургалиевна

«Микрокаржылык ұйым «Азиялык Несие Қоры» ЖШС, андеррайтер маманы

Идырышев Берік Арыстанбекұлы

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, «Тамақ технологиясы» кафедрасының постдокторанты, PhD

Жакупбекова Шугыла Кадыровна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, «Тамақ технологиясы» кафедрасының постдокторанты, техника ғылымдарының магистрі

Бакирова Лайла Сапарбаевна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, «Тамақ технологиясы» кафедрасының докторанты, техника ғылымдарының магистрі

Сейітқажинова Ақбөпе Сағынғалиқызы

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, 6В07202 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының студенті.

Ермеков Ерназ Ермекович

«Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ, Ғылым Департаменті директорының м.а., PhD

Адамбаев Рахмет Рымбекович

Абай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары

Jiang Hao

Қытай ХР, Синянь қаласындағы Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман университеті, Тамақтану ғылымдары және инженерия мектебінің қауымдастырылған профессоры, PhD

Алмаганбетова Айгуль Турмахановна

«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті», «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушысы

Леонидова Балхаш Леонидовна

ЖК «Асыл» басшысы, т.ғ.к.

Барлық жобалар

Жоба туралы

Кезең: 2025-2027
Ұзақтығы: 36 ай
Категория: 1

Сол кездегі жобалар

АР27508635 «Қазақстандағы сиыр етін өндірудің бәсекеге қабілеттілігін талдау: АҚШ-та қолданылатын тәсілдермен бірге еттің сапасы, қауіпсіздік стандарттары және қаңқа параметрлерін салыстыру»

Болкенов Бакытжан Тургазыевич, «Шәкәрім университеті» КеАҚ,...

AP25796649 «Екіншілік сүт шикізатын қолдану арқылы құрт өндірісінің инновациялық технологияларын әзірлеу»

Жакупбекова Шугыла Кадыровна, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, п...

AP25796807 «Жайық популяциясы киіктерінің гельминтоздары және тәлімбақ жағдайында ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды әзірлеу»

Қожаева Айгерім Романқызы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Shak...

AP25796077 «Қазақ эмиграциялық баспасөзінің интеллектуалды дискурсты қалыптастырудағы рөлі»

Ұшқын Сәйдірахманұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ ғылыми қыз...

AP25794135 «Таза биогаз өндірісінің тиімділігін болжайтын математикалық моделін және аналитикалық жүйесін құрастыру».

Шакерхан Қапан Оралғазыұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Физ...

Байланыс

Ғылыми бөлім:

+7 (7222) 31-31-75

science@shakarim.kz