AP26101621 «Хитозанның фолликулалар мен жатыр артерияларының васкуляризациясына, буаздықты жиілігіне, кейбір маңызды гормондарға, бактериялық популяцияларға және мұздатылған сперматозоидтармен ұрықтандырылған «Ақбас» ірі қара малындағы биомаркерлерге әсерін жан-жақты зерттеу»
Жоба жетекшісі
Нуржуманова Жанат Микешовна «Шәкәрім университеті» КеАҚ, аға оқытушы, ветеринария ғылымының кандидаты
Өзектілігі
Зерттеудің өзектілігі мынада: бұзаулаудан кейінгі жатыр аурулары сиырларда фертильділіктің төмендеуіне және шаруашылық кірісінің азаюына жиі әкеледі, ал антибиотиксіз профилактика мен емге сұраныс өсіп келеді. Хитозан микробқа қарсы және мукоадгезивті қасиеттері бар перспективалы биополимер ретінде қарастырылуда, бірақ оның ет бағытындағы сиырларда бұзаулаудан кейінгі ерте кезеңде тиімділігі жеткілікті зерттелмеген. Ұсынылып отырған жұмыс осы олқылықты толтыруды көздейді: бұзаулаудан кейінгі 1–10 күн аралығында хитозанды жатыр ішіне енгізіп, бір мезгілде келесі көрсеткіштерді бағалау жоспарланған: E. coli және Trueperella pyogenes популяциялары; қабынудың жүйелік биомаркерлері (ЛПС, гаптоглобин, церулоплазмин); түсті допплерлік УДЗ көмегімен жатыр артериясы мен фолликулдың тамырлануы және диаметрі; күйіт кезіндегі гормондық фон; қолдан ұрықтандырудан кейінгі буаздық нәтижесі. Кешенді дизайн микробиологиялық, биохимиялық және физиологиялық әсерлерді нақты репродуктивтік нәтижелермен ұштастыруға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде Қазақстан шаруашылықтары жағдайына бейімделген метриттің алдын алудың және қолдан ұрықтандыру нәтижелілігін арттырудың қолданбалы моделі қалыптасады.
Мақсаты
Хитозанның — биологиялық, антиоксиданттық, антибактериялық және қалпына келтіретін қасиеттерімен танымал биоматериалдың “Бифмастер” тұқымының шәуетін пайдаланып жасанды ұрықтандырудан кейінгі буаздық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу. Репродуктивтік тиімділікті арттыру және метриттің алдын алу арқылы мал шаруашылығының рентабельділігін жоғарылату маңызды, себебі метрит туғаннан кейінгі кезеңде сиырлардың бедеулікке ұшырауының негізгі себебі. Антибиотиктерге төзімділіктің артуы мен қоғамдық денсаулыққа қауіптеріне байланысты жатыр инфекцияларының алдын алу және емдеу үшін балама әдістер қолданылады. Жобада ветеринарлық акушерлік, гинекология, репродукция, жасанды ұрықтандыру, микробиология және биохимия пәндері бірлесе зерттеледі.
Күтілетін нәтиже
a) Туғанаң кейінгі кезеңде тұрған сиырлардың жатырына хитозан енгізу жатыр инфекцияларының қаупін азайту және мұздатылған ұрықты қолдану арқылы жасанды ұрықтандыру нәтижесінде буаздық көрсеткіштерін арттыру мақсатында қорғаныс шарасы ретінде қарастырылады.
b) Сиырлардың фертильділігінің айтарлықтай төмендеуіне әкелетін туғанаң кейінгі жатыр инфекцияларына қарсы қорғаныс әсері бар жаңа модель әзірленеді.
c) Жоба аяқталған соң, кеңейтілген SCI және Scopus базасына кіретін журналдарда кемінде екі мақала жариялау жоспарлануда.
d) Болашақта жобаның соңында туылған гибридті төлдерден тиімді генетикалық нәтижелер алуға болады.
e) Түркиямен ғылыми және білім беру мәселелері бойынша қарым-қатынастарды дамыту және ынтымақтастық орнату маңызды болады.
f) Жобаға қатысушы жас зерттеушілер мен жұмыс тобының тәжірибесі мен білімі қосымша зерттеледі.
g) Туғанаң кейінгі кезеңде тұрған сиырлардың жатырына хитозан енгізу жатыр инфекцияларының қаупін азайту және жасанды ұрықтандыру арқылы буаздық көрсеткіштерін арттыру үшін қорғаныс шарасы ретінде қарастырылады. Осылайша, мал шаруашылығында фертильділік шығындарының алдын алу арқылы экономикалық тұрғыдан елеулі үлес қосуға болады.
h) Жобаның соңында туылған гибридті төлдерден маңызды генетикалық нәтижелер алуға болады.
i) Мал шаруашылығындағы фертильділік шығындарының алдын алу арқылы экономикалық тұрғыдан елеулі үлес қосу мүмкіндігі бар.
j) Сонымен қатар, зерттеу жүргізілген орын мен мекеменің ғылыми, техникалық және білім беру инфрақұрылымы жетілдіріледі. Осы зерттеу барысында алынған жасанды ұрықтандыру нәтижелері жаңа еті тұқымымен будандастыру мүмкіндігін көрсетеді. Екінші жағынан, осы гибридтердің дамуы мен өнімділік сипаттамаларын зерттеу бойынша жаңа жоба іске қосылады. Гибридтерден тұратын ядролық табыннан ұрық пен эмбрион алу мүмкіндігі пайда болады. Мекеме мен онда жұмыс істейтін ғылыми кадрлардың репродуктивтік биотехнология саласындағы тәжірибесі мен білімі жетілдіріледі.
Қол жеткізілген нәтиже
-
Ғылыми топ
Нуржуманова Ж.М.
«Шәкәрім университеті» КеАҚ, жоба жектекшісі, ветеринария ғылымының кандидаты
Муратбаев Д.М
«Шәкәрім университеті» КеАҚ, бас ғылыми қызметкер
Yavuz Öztürkler
Карс университеті, аға ғылыми қызметкер, профессор, PhD
Cihan Kaçar
Карс университеті, аға ғылыми қызметкер, профессор, PhD
Ахмадиева А.Ж.
докторант, ғылыми қызметкер
Аралбекова Р.А
магистрант, кіші ғылыми қызметкер
Тауырбекова Д.Д
магистрант, кіші ғылыми қызметкер
Төлегенова А.Т
студент, сүйемелдеу маманы
Кажыбаева Н.К
«Шәкәрім университеті» КеАҚ, бухгалтер
Жұмахан А
магистрант, сүйемелдеу маманы
Пайдалы сілтемелер
Жоба туралы
Сол кездегі жобалар
АР27508635 «Қазақстандағы сиыр етін өндірудің бәсекеге қабілеттілігін талдау: АҚШ-та қолданылатын тәсілдермен бірге еттің сапасы, қауіпсіздік стандарттары және қаңқа параметрлерін салыстыру»
Болкенов Бакытжан Тургазыевич, «Шәкәрім университеті» КеАҚ,...
AP25796649 «Екіншілік сүт шикізатын қолдану арқылы құрт өндірісінің инновациялық технологияларын әзірлеу»
Жакупбекова Шугыла Кадыровна, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, п...
AP25796807 «Жайық популяциясы киіктерінің гельминтоздары және тәлімбақ жағдайында ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды әзірлеу»
Қожаева Айгерім Романқызы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Shak...
AP25796077 «Қазақ эмиграциялық баспасөзінің интеллектуалды дискурсты қалыптастырудағы рөлі»
Ұшқын Сәйдірахманұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ ғылыми қыз...
AP25794135 «Таза биогаз өндірісінің тиімділігін болжайтын математикалық моделін және аналитикалық жүйесін құрастыру».
Шакерхан Қапан Оралғазыұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Физ...
Байланыс
Ғылыми бөлім:
+7 (7222) 31-31-75
science@shakarim.kz