Minor «Шешендік дискурс»

Көпшілік алдында шебер,шешен сөйлей білу дағдыларын қалыптастырады. Бүгінгі шешендік өнерде аудиториямен жұмыс әрекеттерін игереді. Тыңдармандардың назарын өзіне аударып, аудиториямен байланыс орнатудың этикалық қағыидаларын меңгереді. 

Мақсаты

Қалыптасатын негізгі құзіреттер

Оқыту нәтижелері

Көпшілік алдында шешен, әрі сауатты сөйлеу дағдыларын меңгерту.

Шешен сөйлеуді қоғамдық құбылыс ретінде тани отырып  саяси-әлеуметтік мәнін  түсіндіру.

Көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін игере отырып шешен, әрі сауатты сөйлеуге қабілетті болады.

 

 

Minor курстары

Сипаттамасы

1.

Академиялық шешендік  сөз

 

Пән  білім алушыларға  академиялық сөйлеу кезіндегі  шешендік  өнер туралы мағлұматтар береді. Шешендік сөздердің тектері мен түрлері көрсетіледі.   Лекция, ғылыми баяндама, ғылыми хабарлама сынды академиялық шешендік түрлері  баяндалады.  Ғылыми-танымдық негіздердің жүйелілігі, тақырып нақтылығы, ой желісінің тұтастығы, мазмұн тереңдегі сынды академиялық шешендік сөздердің негізгі ерекшеліктері көрсетіледі.   Қазіргі шешендіктану ғылымын жаңаша ғылыми ойлау мен  мазмұндық тақырыптары туралы білімдері болады.

2.

Көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті

 

Пәнді оқу барысында шешендік қабілет,  шешенге қойылатын талаптар көрсетіледі.  Көпшілік алдында сөйлеу мәнері мен   әдебі туралы дағдылары қалыптасады.  Сөйлеуге дайындық шарттарын біледі. Көпшілік алдындағы сөзді жоспарлай алатын болады.  Тіл шеберлігін жетілдіру, медиабелсенділікті дамытуға қабілетті болады.  Сөйлеу шеберлігіне қажетті логикалық, педагогикалық-психологиялық мәдениеттері қалыптасады. Іскерлік қарым-қатынас мәдениетін үйренеді. Көпшілік алдында оқылатын баяндамадағы интонация, сөз екпіні, ым, дене қимылдарының  қызметтерін біледі.

 

3.

Сөз әдебі және норма

Пән білім алушыларға адамдардың өзара тілдік  қарым-қатынасы кезіндегі  сөйлеу әдебі, әдеби тілдің лексика- грамматикалық нормалары туралы ақпараттар береді.  Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі,  күнделікті қатынастағы сөз әдебі, қаратпа сөз әдебі туралы дағдылары қалыптасады.  Коммуникация кезіндегі тіл қатудың, сөз жұмсаудың қоғам қабылдаған, жұртшылық ұйғарған, ұлттық сипатқа ие ережелері мен нормаларымен таныс болады.

 
Білім беру