Жаңалықтар 14.03.2022
Кімнен: Медиа орталығы

15 НАУРЫЗ – «ЖАЙЛАУ КҮНІ»

15 НАУРЫЗ – «ЖАЙЛАУ КҮНІ»

Табиғаттың өзі тамаша күйге енетін, адамдарға жайдарлы көңіл күй сыйлайтын Наурыз мерекесінің өзіндік ерекшелігі бар. Осындай айтулы күндердің бірі – «Жайлау күні».

Бүгін Шәкәрім шаңырағында Жаратылыстану-математика факультетінің ұйымдастыруымен Жайлау күні аталып өтті. Игі шараға университеттің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Жаратылыстану-математика факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінен құралған талантты өнерпаздар өнерлерін ортаға салып, көрерменге тамаша көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, ұлттық спорт сайыстары да ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру