Білім
02.11.2022
53
Білім
02.11.2022
53
Кімнен:
Медиа орталығы
KAZDUAL ЖОБАСЫ : САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ АККРЕДИТТЕУ

KazDual жобасының командасы ACQUIN халықаралық агенттігі ұйымдастырған сапаны қамтамасыз ету және аккредиттеу өз жұмысын бастады. Тренинг ACQUIN бас директоры Александр Рудольф пен агенттіктің халықаралық департаментінің басшысы Жасмин Рудольфтың сәлемдесуінен басталды.
Шара барысында KazDual жобасының мақсаттарына қол жеткізу аясындағы тренингтің рөлі мен міндеттері атап өтілді. Тренингтің бірінші күнгі бағдарламасы келесі мәселелерді қамтыды:
• ACQUIN агенттігінің бағдарламаны аккредиттеу процесі,
• рәсімнің дайындық және маңызды кезеңдері,
• KazDual жобасы аясында университеттер мен колледждердің білім беру бағдарламаларын аккредитеуге дайындық жұмыс жоспары.
Тренинг спикерлері ACQUIN қызметкерлері Джиорина Маратци, Ләззат Нұғыманова және Юлия Балакший болды.