Жолдау
31.08.2023
Кімнен:
Медиа орталығы
ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫ ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫН ТЫҢДАУДА

Бүгін Шәкәрім университетінің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдауда. Маңызды саяси шара Парламент палаталарының бірлескен отырысында өтуде.
Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет.Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек,- деді Мемлекет басшысы.
Жолдауды тікелей республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрулеріңізге болады.