Жастар саясаты 02.05.2023 34

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ ӨТТІ

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ ӨТТІ
Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында Шәкәрім шаңырағында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді. Оған университеттің барлық факультеттерінің студенттері қатысты.
Диктант еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің жетістіктерін насихаттауға, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге және ұлттық құндылықтар мен мұраттарды сіңіруге бағытталған.
Диктанттың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі анықталады, сонымен қатар мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастырады.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру