Жаңалықтар
10.03.2025
179
Жаңалықтар
10.03.2025
179
Кімнен:
Медиа орталығы
SHAKARIM UNIVERSITY-ДЕ HSK ТЕСТІЛЕУ ПУНКТІ РЕСМИ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Shakarim University-де халықаралық Hanyu Shuiping Kaoshi (HSK) қытай тілі емтиханын тапсыру мүмкіндігі бар екенін қуана хабарлайды. Бұл тест шетел тілін меңгерудің Жалпыеуропалық стандарттарына сәйкес келеді және әр деңгей жеке тапсырылатын алты деңгейден тұрады.
HSK сертификаты жаңа білім алу мүмкіндіктерін ашады: ол Қытайдың жетекші университеттеріне бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламаларына, сондай-ақ тілдік курстарға түсуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ресми HSK тестілеу орталықтары Алматы, Астана, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында орналасқан. Енді Семей қаласында Shakarim University қабырғасында бесінші ресми тестілеу пункті ретінде ашылды, бұл аймақ тұрғындары үшін халықаралық сертификат алуға мүмкіндік береді.
HSK емтихандары ай сайын өткізіледі. 2025 жылғы халықаралық қытай тілі емтихандарының күнтізбесі университет сайтында қолжетімді.
Қосымша ақпарат алу үшін: +7 778 828 4140


