Жастар саясаты 03.05.2023 30

ЖАҢА АЛАҢДА ЖАҢА МАУСЫМ БАСТАЛДЫ

ЖАҢА АЛАҢДА ЖАҢА МАУСЫМ БАСТАЛДЫ
Шәкәрім университетінде ғұлама философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойы аясында шағын футболдан достық турнирі өтті.
Басты мақсат - профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында әріптестік қарым-қатынасты нығайту, бұқаралық спортты дамыту. Шараға барлық факультеттер мен құрылымдық бөлімдер қатысты. 7 үздік команда өзара сайысқа түсті.
Турнирдің қорытындысы келесідей:
1 орын – Ректорат командасы;
2 орын – АТФ командасы;
3 орын – ЖМФ командасы иеленді. Жеңімпаз командаға "Достық" кубогі табысталды.
Барша қатысушыларды шағын футболдан жаңа маусымның ашылуымен құттықтай отырып, сәттілік тілейміз.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру