Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі19 наурыз 2025кәсіптік бағдар

Shakarim University Бородулиха ауданында кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді

Бүгін Shakarim University және Shakarim Higher College қабылдау комиссиясының өкілдері Абай облысы Бородулиха ауданының мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесуге 11-сынып түлектері мен алдарында білім алу бағыттарын таңдау міндеті тұрған 9-сынып оқушылары қатысты.

9-сынып оқушылары университет пен колледждің білім беру мүмкіндіктерімен, мамандықтармен, қабылдау талаптарымен және оқу шарттарымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

 

Кездесу мынадай тақырыптарды қамтыды

 

 

Қабылдау ережелеріндегі өзгерістер

Қабылдау комиссиясының өкілі, Маркетинг және коммуникациялар орталығының жетекші маманы Қуаныш Ахметов 2025 жылы өткізілетін ҰБТ-ның ерекшеліктері, табалдырық балл деңгейі және емтихандар туралы толық мәлімет берді. Оқушылар түрлі мамандықтар бойынша өту балдары, грантқа түсу мүмкіндіктері және жаңа білім беру бағдарламалары туралы ақпарат алды.

 

 

Мамандық пен бағдар таңдау

Болашақ абитуриенттер университет ұсынатын сұранысқа ие мамандықтар туралы білді. Инженерлік, аграрлық, педагогикалық, гуманитарлық және IT бағыттары бойынша бағдар кеңінен қарастырылды. Халықаралық университеттермен қос дипломдық бағдарламалар мен академиялық мобильділік ерекше қызығушылық туғызды.

 

 

Студенттер үшін қосымша мүмкіндіктер

Shakarim University-де оқудың төмендегідей артықшылықтарына ерекше назар аударылды:

 Әлемдік университеттермен қос дипломдық бағдарламалар.

Теория мен практиканы Қазақстанның жетекші кәсіпорындарында үйлестіруге мүмкіндік беретіндуалды білім беру жүйесі.

Заманауи зертханалар, кітапхана, студенттік клубтар, ғылыми және спорт алаңдары бар дамыған инфрақұрылым.

 Еуропа, АҚШ және Азия елдерінің университеттерімен халықаралық тағылымдамалар мен алмасу бағдарламалары.

 

 

 Мемлекеттік және ішкі гранттар, студенттерді қолдау

Болашақ абитуриенттерге мемлекеттік білім гранттарын, әкім гранттарын, Shakarim University-дің ректорлық гранттарын алу туралы түсіндірілді. Университет талантты және әлеуметтік тұрғыдан осал студенттерді белсенді қолдайтынын, оларға білім алу мен даму үшін қосымша мүмкіндіктер беретінін атап өтті.

 

 

Жұмысқа орналасу және мансаптық өсу

 Түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жеке талқыланды. Қабылдау комиссиясының өкілі университеттің аймақтың және елдің жетекші жұмыс берушілерімен тығыз қарым-қатынасын, ерте жұмысқа орналастыру бағдарламасын, ірі кәсіпорындарда тағылымдамадан өту және халықаралық ұйымдарда тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы баяндап берді.

 

 

Академиялық еркіндік және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері

Болашақ студенттерге жеке білім беру траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік беретін икемді оқу жүйесі туралы айтылды. Сондай-ақ, студенттік бастамаларды қолдау, стартаптарды дамыту, ғылыми және шығармашылық жобалар, ғылыми зерттеулерге гранттық қолдау мәселелері де атап өтілді.

 

 

 Студенттік өмір және әлеуметтік белсенділік

Оқушыларға студенттік өмірдің тек оқу ғана емес, сондай-ақ, белсенді қоғамдық, спорттық және мәдени өмір екендігі түсіндірілді. Университет студенттік өзін-өзі басқаруға, ғылыми қоғамдарға, халықаралық олимпиадаларға, еріктілер қозғалыстарына, сондай-ақ, спорттық жарыстарға және мәдени іс-шараларға қатысу мүмкіндіктерін ұсынады.

 

 

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курстары және бірінші курс студенттерін бейімдеу

Мектеп түлектеріне дайындық курстары ұсынылып, олар оқуға түскенге дейін білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, бірінші курс студенттерін бейімдеу жүйесі, тәлімгерлік және алғашқы оқу жылдарында студенттерді қолдау туралы айтылды.

 

 

Ғылыми қызмет және студенттердің стартап-жобалары

Университет студенттерге бірінші курстан бастап зерттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік береді. Студенттік ғылыми зертханалар, зерттеулерге арналған гранттар және болашаға бар стартаптарды қолдау, халықаралық байқаулар мен жобаларға қатысу мүмкіндіктері туралы айтылды.

 

 

Бұл тақырыптар кездесуге қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды, оқушылар белсенді сұрақтар қойып, сұрақтарына тұшымды жауап алды. Олардың болашақ мамандықтарын  таңдауға талпынысы мен Шәкәрім университетіне түсуге деген қызығушылығы жоғары екендігі байқалды.

 

Команда құрамындағы 15 адам кездесу соңында Акт залында әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Қуаныш Ахметов университеттің түлегі ретінде, қабылдау комиссиясының барлық бағыттарында нағыз кәсібилік танытты. Бұл Шәкәрім университеті шын мәнінде мықты мамандар даярлайтынын дәлелдейді!

 

Қабылдау туралы қосымша ақпаратты мына телефон +7 708 207 45 05арқылы немесе университеттің ресми сайтынаналуға болады.