ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНЕ БАРЫП ҚАЙТТЫ

30 сентябрь 2023шәкәрім форум, ұлылар мекеніне саяхат

Бүгін Шәкәрім университетінің ұжымы бастаған делегация Абай еліне, Ұлылар мекеніне барып қайтты. Сапар ”Shakarim Forum: тың идея, жаңа қадам” форумы аясында ұйымдастырылды. Шыңғыстау – ел қамын ойлаған көсемдер мен шешендерді, әділ билер, жауға қол бастап шыққан батырларды, жауырыны жерге тимеген палуандарды тарих сахнасына шығарған, бүгінгі таңда да халықаралық, республикалық додаларда...

Подробнее

«ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ – 2023» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

29 сентябрь 2023конференция, мерейтой, форум

Бүгін Шәкәрім университетінде Абай облысы әкімдігімен бірлесе «SHAKARIM FORUM: тың идея, жаңа қадам» форумы аясында ғұлама ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Шәкәрім оқулары – 2023» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысына ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым...

Подробнее

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ АГРАРЛЫҚ БАҒЫТТЫ ДАМЫТУДА

25 сентябрь 2023ынтымақтастық, аграрлық сала, шәкәрім делегациясы

Шәкәрім университеті – еліміздің Солтүстік-Шығыс өңірінде ауыл шаруашылығы және аграрлық салада мамандарды дайындап келе жатқан ЖОО-ның бірі. Биыл білім ордасы Жібек жолының ауыл шаруашылығы білімі және ғылыми-техникалық инновациялар Альянсына мүше болып кірді. Осы ретте, шәкәрімдік делегация Аспан асты Қытай елімен ынтымақтастық аясында бірқатар бірлескен жоспарларды атқармақ. Мәселен, Shakarim University мен...

Подробнее

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ӨТТІ

22 сентябрь 2023сайлау, талқылау, кеңес отырысы

Бүгін Шәкәрім университетінде кезекті Ардагерлер кеңесінің жиыны өтті. Жиында кеңес төрағасы Ерғали Есенжолов осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарды баяндады. Бүгінгі таңда Ардагерлер кеңесінің құрамында 200-ге жуық ардагер бар. Төраға Ерғали Есенжолов ардагерлердің атқарып жатқан еңбектерінің ұшан-теңіз екенін жеткізді. – Аға буын өкілдері зейнетке шықтым, тынығамын деп тыныштық іздеп жантайып жатудан...

Подробнее

«ДУАЛДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЕНГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ТЕТІКТЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

20 сентябрь 2023конференция, каздуал, обсуждение

Бүгін Шәкәрім университетінде қазақстандық және еуропалық ЖОО серіктестерінің қатысуымен «Дуалды білім беру бағдарламаларын енгізу тәжірибесі және олардың сапасын арттыру тетіктері» халықаралық конференциясы өткізілуде. Айта кету керек, Шәкәрім университеті Қазақстанда дуалды білім беру жүйесінің бағдарламаларын енгізу бойынша Еуропалық одақ жобасының қатысушысы болып табылады және оны жүзеге асыруда Абай атындағы Қазақ Ұлттық...

Подробнее

ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

18 сентябрь 2023кездесу, сотрудничество, ғылым саласы

Бүгін университет ректоры Думан Орынбеков «Ядролық технологиялар паркі» АҚ Басқарма төрағасы Александр Борисенко мырза бастаған делегациямен кездесті. Тиімді инновациялық инфрақұрылымдарды қалыптастыру және жоғары технологиялық компанияларды өсіру арқылы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуына ықпал етуді мақсат еткен «Ядролық технологиялар паркі» АҚ бүгінде түрлі салаларда жемісті қызмет атқаруда. Кездесудің басты мақсаты – жаңа...

Подробнее

CATERPILLAR FOUNDATION ҚОРЫ ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДА

15 сентябрь 2023кездесу, ынтымақтастық, бірлескен жобалар

Бүгін Caterpillar Foundation қорының Президенті Аша Варгезе бастаған делегация жұмыс сапарымен Шәкәрім университетіне келді. Сапар аясында университет ректоры Думан Орынбеков американдық делегация өкілдерімен кездесіп, білім ордасының атқарылып келе жатқан ауқымды жобаларын таныстырды. Аша Варгезе - Caterpillar қорының президенті. Өз рөлінде ол адамның негізгі қажеттіліктеріне, білім мен экологиялық тұрақтылық пен бүкіл...

Подробнее

ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМНЫҢ – ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

14 сентябрь 2023мастер-класс, зарубежные ученые

Бүгін Шәкәрім университетінде Польша Республикасы Быдгощ қаласынан арнайы келген Экономика университетінің Дене шынықтыру институтының директоры Александр Скалий «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасында оқитын студенттерге алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерімен таныстырып, шеберлік сабағын өткізді. Профессор өз сөзінде зардап шеккен адамға өз уақытында көмек беру арқылы өмірін сақтап қалу алғашқы...

Подробнее

УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫСЫ ҰЖЫММЕН КЕЗДЕСТІ

12 сентябрь 2023кездесу, талқылау, ұсыныс-пікір

Бүгін Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков Гуманитарлық-экономика факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу барысында факультеттің атқарылған жұмыстарымен танысып, алдағы жұмыс бағыттары талқыланды. Жиында Басқарма төрағасы профессор-оқытушылар құрамы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, білім, ғылым, инфраструктура, жылу жүйесі және т.б. мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Айта кетейік, аталған кездесу басқа да факультеттер де...

Подробнее

ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДА АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ МЕКТЕБІ ДӘРІСХАНАСЫ АШЫЛДЫ

06 сентябрь 2023дәрісхана, ашылу рәсімі

Бүгін Шәкәрім университетінде «Семей рухы» кешенді жобасы аясында Көкбай Жанатайұлы атындағы Абайдың ақындық мектебі дәрісханасының ашылу рәсімі өтті. Рәсімге университет басшылығы, зиялы қауым өкілдері, Абай ауданының әкімдері, профессор-оқытушылар құрамы мен ақынның ұрпақтары қатысты. Лента қию рәсімі Басқарма төрағасы Думан Орынбековке, Көкбай Жанатайұлының немересі Амангелді Ахметқалиұлына және зиялы қауым өкілдері Амантай...

Подробнее